Сайтқа қош келдіңіздер!

Қоғамның рухани, мәдени, ғылыми, әлеуметтік - құқықтық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында Қазақстан халқының тарихи-мәдени құжаттық мұраларын сақтайтын мұрағаттар, мемлекеттіліктің нысандарын бірі болып табылады.

Жаңа астанада Ұлттық мұрағат құру идеясы бүгінгі уақыт талабына жауап. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен 2002 жылы 12 желтоқсандағы № 01- 8.15 тарихи хаттамалық шешімімен Ұлттық мұрағат ғимаратты 2003 жылы Астана қаласында салынатын мемлекеттік нысандар тізбесіне енгізілді.

Бұл әзірше ТМД-ға елдеріне халықаралық стандарттар мен талаптарға сай жоғары технологиялық мұрағаттық құралдармен жабдықталған мекемелердің бірі. Бұл қазіргі заман талабына сай көркем де әсем ғимарат, оның тоғыз қабатты, көк тіреген күмбезді қоймасы шығыстық стилдегі шексіздік пен тұрақтылықты бейнелейді, ал әкімшілік бөлігінің еуропалық стилі Есіл өзенінің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік елорда орталығын толықтырып тұрғандай. 

Соңғы жаңалықтар

     Елбасы Н.А. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы қазақстандық қоғамда, атап айтсақ Астана қаласының қоғамдық ұйымдары арасында үлкен резонанс тудырды.
     Осыған орай «Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» РММ 2017 жылдың 8 желтоқсанында сағат 15.00-де «Рухани жаңғыру - рухани мәдениетіміздің дамуының негізі» дөңгелек үстелін ұйымдастырады. Шара Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің ғимаратында, Астана қ., Нұржол желекжолы, 12 мекенжайы (2-қабат, 220-каб.) бойынша өтеді.

001 2017 жылдың 26 қазанында Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві Астана қаласы «Нұр Отан» партиясы Есіл аудандық филиалымен бірлесіп мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру бойынша «Латын әліпбиі: Жаңғыру – жазудан басталады» іс-шарасын өткізді.

 

006   2017 жылдың 19 қазанында «Семей ядролық полигоны» қоғамдық қоры мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві бірлесіп «Семей ядролық полигонының табиғатқа, адамдардың өмірі мен денсаулығына әсері» тақырыбында республикалық конференция өткізді.

DSC 0039 2017 жылдың 28 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарастыру бойынша жұмыс тобы мүшелері – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары болды: комиссия төрағасы Абсатиров Кеңес Гарапұлы, Еспаева Дания Мәдиқызы, Жылқышиев Байділдә, Казанцев Павел Олегович, Қаратаев Фахриддин Әбдінабиұлы, Мұсырман Кәрібай Иманжанұлы, Суслов Александр Васильевич, Шиповских Геннадий Геннадиевич.

DSC 0009  2017 жылдың 30-шы қыркүйегінде астанада жалпықалалық сенбілік өтті. Қала көшелері мен сыртында тазалық шарасына жиырма мыңнан астам қала тұрғындары шықты. Шара барысында көшеттер отырғызылды.

001Жыл сайын жаңа оқу жылы басталар алдында еліміздің барлық мекемелерінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың идеясы мен тапсырмасы бойынша «Балаларды мектепке дайындайық» республикалық акциясы өткізіліп келеді.

07 2017 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві және Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Астанадағы өкілдігі Конституция күніне арналған «Болашаққа қадам» тарихи-құжаттық көрмесін өткізді.

016 2017 жылдың 24 тамызында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік архиві мен Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві бірлесіп «Қазақстанның жаңа тарих белесі» атты тарихи-құжаттық көрмесін өткізді.

1         2017 жылдың 28 шілдесінде Астана қаласының Есіл ауданы «Нұр Отан» партиясы филиалы ауданның бастауыш партия ұйымдары арасында мини-футболдан турнир өткізді.

         001Үстіміздегі жыл Қазақстан мен Астана үшін айрықша айтулы жыл болуда. 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін EXPO-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесі өтуде. Астанаға жүзден астам елдер мен халықаралық ұйымдар өкілдері келді.

DSC 0014 2017 жылдың 3 шілдесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде «Адам құқығын қорғау Халықаралық Комитетінің» «CIPDH» (Франция) Президенті Жерар Сальвато қол қойған «Золотой Орел» INTERSAFETY Халықаралық орденімен адам құқығын қорғауға белсенді қатысқаны үшін жауынгер-интернационалист және Ауған соғысы ардагері ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Махашов Жангелді Меңлібайұлы марапатталды.

25 let

   
   
Разработка сайтов - SEOPRO