0012017 жылдың 19 қазанында «Семей ядролық полигоны» қоғамдық қоры мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві бірлесіп «Семей ядролық полигонының табиғатқа, адамдардың өмірі мен денсаулығына әсері» тақырыбында республикалық конференция өткізді.

DSC 00392017 жылдың 28 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарастыру бойынша жұмыс тобы мүшелері – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары болды: комиссия төрағасы Абсатиров Кеңес Гарапұлы, Еспаева Дания Мәдиқызы, Жылқышиев Байділдә, Казанцев Павел Олегович, Қаратаев Фахриддин Әбдінабиұлы, Мұсырман Кәрібай Иманжанұлы, Суслов Александр Васильевич, Шиповских Геннадий Геннадиевич.

DSC 00092017 жылдың 30-шы қыркүйегінде астанада жалпықалалық сенбілік өтті. Қала көшелері мен сыртында тазалық шарасына жиырма мыңнан астам қала тұрғындары шықты. Шара барысында көшеттер отырғызылды.

001Жыл сайын жаңа оқу жылы басталар алдында еліміздің барлық мекемелерінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың идеясы мен тапсырмасы бойынша «Балаларды мектепке дайындайық» республикалық акциясы өткізіліп келеді.

072017 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві және Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Астанадағы өкілдігі Конституция күніне арналған «Болашаққа қадам» тарихи-құжаттық көрмесін өткізді.

0162017 жылдың 24 тамызында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік архиві мен Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві бірлесіп «Қазақстанның жаңа тарих белесі» атты тарихи-құжаттық көрмесін өткізді.

1         2017 жылдың 28 шілдесінде Астана қаласының Есіл ауданы «Нұр Отан» партиясы филиалы ауданның бастауыш партия ұйымдары арасында мини-футболдан турнир өткізді.

         001Үстіміздегі жыл Қазақстан мен Астана үшін айрықша айтулы жыл болуда. 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін EXPO-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесі өтуде. Астанаға жүзден астам елдер мен халықаралық ұйымдар өкілдері келді.

DSC 0014         2017 жылдың 3 шілдесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде «Адам құқығын қорғау Халықаралық Комитетінің» «CIPDH» (Франция) Президенті Жерар Сальвато қол қойған «Золотой Орел» INTERSAFETY Халықаралық орденімен адам құқығын қорғауға белсенді қатысқаны үшін жауынгер-интернационалист және Ауған соғысы ардагері ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Махашов Жангелді Меңлібайұлы марапатталды.

001        2017 жылдың 19-23 маусымы аралығында Арменияның астанасы Ереван қаласында: Халықаралық Архивтер Кеңесінің Еуроазиялық регионалды бөлімшесінің кезекті XVIII Жалпы конференциясы отырысы, ТМД мемлекеттер-қатысушылардың архивтік қызмет басшыларының Консультативтік кеңесі отырысы және «Архивтерді толықтыру саласындағы заманауи мәселелер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

0011992 жылдың 4 маусымында тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл күн тарихта мемлекеттік символика күні болып қалыптасты.

25 let

   
   
Разработка сайтов - SEOPRO